23.04.2010, 11:06 1239

Атырау облысында "Бекіре-2010" шарасы барысында 7 қылмыстық іс қозғалды

Атырау облысында "Бекіре-2010" шарасы барысында 7 қылмыстық іс қозғалды

Атырау. 23 сәуір. Kazakhstan Today - Атырау облысында "Бекіре-2010" шарасы барысында 7 қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Атырау облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, балықты және балық өнімдерін заңсыз аулауды және олардың айналымын анықтауға, ескертуге және жолын кесуге бағытталған "Бекіре-2010" шарасы барысында заңсыз балық қорының айналымына байланысты 40-тан астам құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 27 - заңсыз балық аулау, 2 - балық өнімдерін заңсыз сату, сатып алумен, 11 факт - балықты заңсыз тасымалдау, әкету деректері.

"Осы мерзім ішінде 43 құқық бұзушы ұсталып, олардан 14 тоннадан астам балық тәркіленді. Тәркіленген балықтың 60 кг жуығы бекіре тұқымдасы. Сонымен қатар, 25 - балық аулау және 1 - жүзу құралдары тәркіленіп, 7 қылмыстық іс қозғалды. Икімшілік түрде ҚР ИҚБтК-нің 298-1 бабымен (балық аулау ережелерін бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке 24 адам тартылып, оларға 100 мың теңгеге жуық көлемде айыппұл салынды",- деп хабарлайды баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира Мұхтарова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны