01.04.2009, 16:54 3068

Атырау облысында екі шетелдік компанияның үстінен салық төлеуден жалтару дерегі бойынша қылмыстық істер тексерілуде

Атырау облысында екі шетелдік компанияның үстінен салық төлеуден жалтару дерегі бойынша қылмыстық істер тексерілуде

Астана. 1 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Атырау облысында екі шетелдік компанияның үстінен салық төлеуден жалтару дерегі бойынша қылмыстық істер тексерілуде. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Жалған кәсіпкерлікті отандық кәсіпорындармен қатар шетелдік компаниялар да жасайды. Олар күмәнді шарттар бойынша өздерінің шығыс бөліктерін арттыру арқылы салық төлеуден жалтарады",- деді ресми өкіл.

Оның айтуынша, Атырау облысында нидерландылық "Аджип Казахстан Норт Каспиан оперейтинг НВ" және американдық "Паркер Дриллинг Компании Интернешнл Лимитед" компанияларына қатысты әрбіреуі 10 млрд. тенгеден аса салық төлеуден жалтару фактілері бойынша қылмыстық істер тергелуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны