19.07.2012, 10:05 2763

Атырау облысында газ-химиялық кешенінің инфрақұрылым құрылыстары басталды

"Қазіргі уақытта құрылыстың І кезеңі бойынша негізгі технологиялық қондырғылар мен ішкі желілердің 78 пайызын жобалау жұмыстары жүргізілді, инфрақұрылым нысандарын жобалау жұмыстары аяқталуға жақын (95 пайыз)", - делінген ведомство хабарламасында.

Астана. 19-шілде. Kazakhstan Today - Атырау облысында газ-химиялық кешенінің инфрақұрылым құрылыстары басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Мұнай және газ министрлігінің баспасөз қызметінен Pm.kz сайтына хабарлады.

"Қазіргі уақытта құрылыстың І кезеңі бойынша негізгі технологиялық қондырғылар мен ішкі желілердің 78 пайызын жобалау жұмыстары жүргізілді, инфрақұрылым нысандарын жобалау жұмыстары аяқталуға жақын (95 пайыз)", - делінген ведомство хабарламасында.

Кейбір инфрақұрылым нысандары бойынша кіріс тас жол мен кіріс теміржолдың, сұрыптау стансасының, Атырау-Ақтөбе жолындағы өткелдің және электр желілерінің құрылысы жүріп жатыр.

Кешен құрылысы І және ІІ кезеңде 6,4 мыңға жуық адамды уақытша жұмыспен қамтуға және нысан іске қосылғаннан кейін 900 адамды тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.

Жобаның кезең-кезең бойынша іске асырылады: І кезең - жылдық қуаты 500 мың тонна пропиленді құрайтын өндіріс салынса, ІІ кезеңде - жылдық қуаты 800 мың тоннаға жететін полиэтилен өндірісі іске қосылады.

2010 жылы қолға алынған жобаның құрылысы 2016 жылы аяқталады. Жобаның жалпы құны 6,3 млрд. долларды құрайды.

Естеріңізге сала кетейік, Елбасы Н.Назарбаев "Илеуметтік-экономикалық жаңарту - Қазақстан дамуының басты бағыты" атты Жолдауында Атырау газ-химиялық кешенін жобалық қуатына шығаруды қамтамасыз ету туралы тапсырма берген болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны