13.01.2010, 13:08 2744

Атырау облысында қаржы полициясының қызметкеріне пара беруге талпыныс жасағаны үшін ауылдық округтің бұрынғы әкімі сотталды

Атырау облысында қаржы полициясының қызметкеріне пара беруге талпыныс жасағаны үшін ауылдық округтің бұрынғы әкімі сотталды

Атырау. 13 қаңтар. Kazakhstan Today - Атырау облысында қаржы полициясының қызметкеріне өзіне қатысты тергеу алдындағы тексеру материалдарына қатысты оң шешім қабылдату үшін 250 мың теңге көлемінде пара беруге талпыныс жасағаны үшін Жылыой аудандық Жем ауылдық округінің бұрынғы әкімі сотталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today облыстық Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Жылыой аудандық сотының үкімімен Н. Балғынбаев ҚР Қылмыстық кодексінің 312-ші бабының 2-тармағы (пара беру) бойынша айыпты деп танылып, 459 200 теңге көлемінде айыппұл төлеуге кесілді".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны