21.10.2009, 14:25 2894

Атырау облысында Каспий теңізіндегі рейдтік шаралар кезінде белгісіз бір қайық бортынан тәртіп сақшыларының қайықтарына қарсы автоматты қарудан оқ атқыланған

Атырау облысында Каспий теңізіндегі рейдтік шаралар кезінде белгісіз бір қайық бортынан тәртіп сақшыларының қайықтарына қарсы автоматты қарудан оқ атқыланған

Атырау. 21 қазан. Kazakhstan Today - Атырау облысында Каспий теңізіндегі рейдтік шаралар кезінде белгісіз бір қайық бортынан тәртіп сақшыларының қайықтарына қарсы автоматты қарудан оқ атқыланған, деп хабарлайды Kazakhstan Today Атырау облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Атырау облыстық ІІД-нің Балық қорын қылмыстық іс-әрекеттерден қорғау бөлімінің және "Арлан" арнайы мақсаттағы бөлімінің қызметкерлері Атырау облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің және Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп "Бекіре-2009" жедел алдын алу іс-шарасының күзгі кезеңін өткізу шеңберінде Жылой ауданына қарасты Солтүстік Каспий теңізінің жағалауына рейдтік шаралар ұйымдастырып өткізді.

ІІД мәліметінше, "шара барысында, 19 күні жергілікті уақытпен 07.15 сағат шамасында "Жылыой-Қоса" аймағынан 15 шақырымында, бортында кавказ ұлтының өкілдеріне ұқсастығы басым келген бес адам бар, ешқандай шартты белгілері жоқ екі ілмелі мотор таққан "Байда" типтес қайығы байқалады".

"Оларға жақындаған мезгілде аталған қайық бортынан тәртіп сақшыларының қайықтарына қарсы автоматты қарудан оқ атқыланған. Қудалау жасаған қайықтың, сонымен қатар қызметкерлердің бірінің сыртқы киімін оқ тесіп өткен",- делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, браконьерлердің оғынан жарақаттанғандар, зардап шеккендер жоқ. Теңіз дауылы мен қараңғылықтан жоғарыда аталған "Байданы" ұстауға мүмкіншілік болмады. Тексеру-тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны