30.04.2007, 13:00 6819

Атырау облысында қазақстандық шекарашылар 150 килограмм көлемінде контрабандалық қара уылдырық тәркіледі

АСТАНА. 30-сәуір. Kazakhstan Today. Атырау облысында қазақстандық шекарашылар 150 килограмм көлемінде контрабандалық қара уылдырық тәркіледі. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз орталығынан хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Атырау шекара отрядының "Кудряшово" заставасы учаскесінде арнайы торуыл нәтижесінде "Мицубиси Делика" автокөлігін мінген Қазақстан азаматы ұсталды. "Тексеру кезінде көлік ішінен шекарашылар ҰҚК қызметкерлерімен бірлесіп 150 килограмм көлемінде контрабандалық қара уылдырық тауып тәркіледі",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Жалпы алғанда шекарашылар сәуірдің 23 мен 30 аралығында мемлекеттік шекараны бұзған 349 адамды ұстады. Контрабандалық жүк алып өтуге жасалған 49 әрекетке тосқауыл қойылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны