17.06.2009, 15:19 1852

Атырау облысында "Компания Жол жөндеуші" ЖШС атқарушы директоры қамауға алынды

Атырау облысында "Компания Жол жөндеуші" ЖШС атқарушы директоры қамауға алынды

Астана. 17 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Атырау облысында "Компания Жол жөндеуші" ЖШС атқарушы директоры қамауға алынды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Атырау облысында "Компания Жол жөндеуші" ЖШС филиалы "Атырау жол жөндеу жөніндегі дирекциясының" атқарушы директоры қамауға алынды.

Оған алдын-ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен "Атырау-Гонюшкино" және "Құлсары-Мақат" учаскелеріндегі темір жолдарды жөндеуге бюджеттен бөлінген 138 млн теңгені талан-таражға салды деген айып тағылды",- деді М.Жұманбай.

Оның айтуынша, мәселен, жоба бойынша 7200 шпалды жаңасына ауыстыру қарастырылған. Оған қажетті жаңа шпалдар тапсырыс арқылы алынған.

Алайда жөндеу кезінде жаңа шпалдардың орнына қолданыста болған мемлекеттік стандартқа сәйкес келмейтін шпалдар қолданылғаны тергеумен анықталып отыр.

Іс бойынша тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды қаржы полициясы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны