05.06.2009, 10:58 1324

Атырау облысында мемлекетке 98,8 млн теңге көлемінде салық төлемеу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Атырау облысында мемлекетке 98,8 млн теңге көлемінде салық төлемеу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Астана. 5 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Атырау облысында мемлекетке 98,8 млн теңге көлемінде салық төлемеу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Атырау облысы бойынша ЭСЖҚД ЖШС басшысына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 222-бабының 2- бөлігі бойынша (Ұйымдарға салынатын салықты төлеуден жалтару) қылмыстық іс қозғалды. Ол декларацияға жалған мәліметтерді енгізіп, мемлекетке салық төлемдерін төлемеу арқылы 98,8 млн теңгеге залал келтірген".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны