03.09.2009, 15:09 2905

Атырау облысында мемлекетке салық төлемдерін төлемеу арқылы 579,5 млн теңгеге залал келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Атырау облысында мемлекетке салық төлемдерін төлемеу арқылы 579,5 млн теңгеге залал келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Астана. 3 қыркүйек. Kazakhstan Today - Атырау облысында мемлекетке салық төлемдерін төлемеу арқылы 579,5 млн теңгеге залал келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Атырау облысы бойынша ЭСЖҚД бір ЖШС басшысына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 222-бабының 1 -тармағы бойынша (Ұйымдарға салынатын салықты төлеуден жалтару) қылмыстық іс қозғады. Ол салық декларациясына кәсіпорынның кіріс туралы көпе-көрнеу жалған мәліметтерді енгізіп, мемлекетке салық төлемдерін төлемеу арқылы 579,5 млн теңгеге залал келтірген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны