26.02.2010, 13:28 2790

Атырау облысында "Мигрант" жедел алдын алу шарасы барысында 132 шетел азаматы әкімшілік жолмен елден шығарылды

Атырау облысында "Мигрант" жедел алдын алу шарасы барысында 132 шетел азаматы әкімшілік жолмен елден шығарылды

Атырау. 26 ақпан. Kazakhstan Today - Атырау облысында "Мигрант" жедел алдын алу шарасы барысында 132 шетел азаматы әкімшілік жолмен елден шығарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира Мұхтароваға сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Атырау облысы көлемінде жедел жағдайды, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және заңсыз көші-қонмен күрес, заңсыз көші-қон арналары мен ұйымдастырушыларының жолын кесу, көші-қон саласы бойынша қылмыстарды анықтау мақсатында, облыс көлемінде 22-26 ақпан аралығында "Мигрант" жедел алдын алу шарасын өткізілуде.

"Тәртіп сақшылары 3 тәулікте шетел азаматтары тарапынан, облыс көлемінде Қазақстан Республикасына келу, болу және шығу ережелерін бұзған жалпы саны 274 тәртіп бұзушылық анықталып, ҚР ИҚБтК-нің баптарына сай тиісті әкімшілік шара алынды, оның ішінде алыс шетел азаматтары - үшеу. Атап айтқанда, елімізге келіп, мерзімді уақыт ішінде тіркеуден өту ережелерін бұзған 1 түрік азаматы, осындағы тіркеуде көрсетілген тұрағынан басқа мекен-жайда тұрып жатқан 2 Қытай азаматтары анықталып, тиісті әкімшілік жауапкершілікке тартылды",- делінген хабарламада.

Сондай-ақ, мекеменің ақпартына сәйкес, ҚР Икімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 394- бабының 2- бөліміне сай сот шешімімен Қазақстан Республикасы көлемінен 132 шетел азаматы әкімшілік жолмен тысқары шығарылды. Олардың арасында 103 шетелдік Жылыой ауданы тәртіп сақшыларының анықтауларынша, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өту талаптарын бұзған Өзбекстан Республикасының азаматтары Шетел азаматтарының елімізде болу ережелерін бұзған жергілікті 33 азамат, заңсыз шетел жұмыс күшін пайдаланған 12 заңды тұлға анықталып, оларға қатысты ҚР ИҚБтК-нің 395, 396- баптарына сәйкес әкімшілік шаралар алынды.

"Сонымен қатар, ҚР Икімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 394- бабының 2- бөлімінің талаптарына сай, Қазақстан Республикасы көлемінен әкімшілік жолмен шығару туралы Жылыой аудандық сотының өткен 2009 жылғы желтоқсан айындағы шешімін орындамай жүрген Өзбекстан Республикасының 1971 жылы туған азаматы анықталып ұсталып, осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеумен анықтама басқармасы айналысуда",- делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны