23.07.2014, 19:13 1301

Атырау облысында мүмкіндігі шектеулі жандарға қатысты әлеуметтік жәрмеңке өтті

Облыстық әкімдік Атырау облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаментімен бірлесе отырып, қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік бейімдеу жөніндегі әлеуметтік жобалар жәрмеңкесін өткізді.

Алматы. 23 шілде. Kazakhstan today.Облыстық әкімдік Атырау облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаментімен бірлесе отырып, қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік бейімдеу жөніндегі әлеуметтік жобалар жәрмеңкесін өткізді.

Бүгінде елімізде мүгедектердің өмірін оңалтып, құқын қамтамасыз ету бағытында 2012-2018 жылдарға арналған ұзақ мерзімді Ұлттық жоспар жасалып отыр. Жоспарды жүзеге асыру үш кезеңмен жүргізілмек. 2012-2013 жылдарға арналған бірінші кезең - бұл жағдайға баға беріп, талдау жасау кезеңі. Екінші кезең 2014-2015 жылдарды қамтиды.

"Сіздердің міндеттеріңіз өздеріңізге ұнаған әлеуметтік жобаларға қолдау көрсету, бизнеске ерікті түрде үлес қосу, осы жобаларды жүзеге асыру үшін демеушілік көмек көрсету болмақ. Соған орай, таңдауларыңызға 70 жоба ұсынылып отыр. Олардың әрқайсысы елеулі проблемаларды шешуге бағытталған. Ирине, оған үлкен қаржы кететінін ескере отырып, бірнеше компания бірігіп, бір жобаны алуға болады. Таңдалған жобалардың орындалуын қадағалау облыстық бақылау және әлеуметтік қорғау департаментіне жүктеледі",-деді жәрмеңкені ұйымдастырушылар.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны