13.05.2008, 18:39 3119

Атырау облысында мұнай құбырын заңсыз бөлшектеуге жасалған әрекетке тосқауыл қойылды

Атырау облысында мұнай құбырын заңсыз бөлшектеуге жасалған әрекетке тосқауыл қойылды

Атырау. 13 мамыр. "Қазақстан Бүгін " - Атырау облысы Мақат АІІБ қызметкерлері аудан аумағы арқылы өтетін мұнай құбырын заңсыз қазып алып бөлшектеп, металл қалдықтары ретінде өткізуге әрекет жасаған адамдарды ұстады. Бұл туралы агентттік тілшісіне Атырау облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира Мұхтарова хабарлады.

Оның айтуынша, мамырдың 9 -ынан 10-ына қараған түні 2 сағат 30 минут шамасында рейд шаралары барысында Мақат АІІБ қызметкерлері "Семсер" АҚ-ның Атырау облыстық филиалының қызметкерлерімен бірлесе отырып қазір жұмыс істемей тұрған Мақат - Комсомольск мұнай құбырының 18-ші шақырымында "аталған мұнай құбырын қазып алумен шұғылданып жүрген алты адамнан құралған топты құрықтады".

"Түсті металл іздегендер екі көлікпен келіп, жерді экскаватордың көмегімен қазып, құбырды қуатты дәнекерлеу құралымен кесіп жатқан. Тәртіп сақшылары келіп жеткенше олар 200 метр мұнай құбырын қазып үлгерген", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Келесі күні Шығыс Мақат кенішінен жеті шақырым жерде ұзындығы 5-6 метрлік он мұнай құбыры тиелген "ЗИЛ-130" көлігі ұсталды. Көлікті Мақат ауданының Доссор кентінің тұрғыны айдап келе жатқан. Полицияның мәліметінше, мұнай құбыры тағы да жұмыс істемейтін желіден қазылып кесіліп, автокөлікке тиеліпті. Оны металл қалдықтарын тапсыру бөліміне өткеру жоспарланған.

Істі Мақат АІІБ тексеріп жатыр, деп хабарлайды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны