28.05.2007, 12:41 1574

Атырау облысында жасанды 800 мың теңгені сатпақ болған қылмыскерлер ұсталды

АСТАНА. 28-мамыр. Kazakhstan Today. Атырау облысында жасанды 800 мың теңгені сатпақ болған қылмыскерлер ұсталды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ІІМ-нің ақпарат және бұқарамен байланыс орталығынан хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Атырау облысының Құлсары қаласында аудандық ІІБ жол полициясы басқармасы мен криминалдық полиция қызметкерлері "Toyota Surf" автокөлігін ұстады. Автокөліктің салонынан 5 мың теңгелік купюрамен жасанды 890 мың теңгені сатпақ болған 26 жастағы көлік қожайыны мен оның жанында отырған 26 жастағы жігіт ұсталды. Олардың екеуі де Ақтөбе облысының тұрғындары.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны