13.10.2009, 13:12 1999

Атырау облысында жыл басынан бері заңсыз айналымнан 84 тоннадан астам бағалы балық түрлері тәркіленді

Атырау облысында жыл басынан бері заңсыз айналымнан 84 тоннадан астам бағалы балық түрлері тәркіленді

Атырау. 13 қазан. Kazakhstan Today - Атырау облысында жыл басынан бері заңсыз айналымнан 84 тоннадан астам бағалы балық түрлері тәркіленді, деп хабарлайды Kazakhstan Today Атырау облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, осы жылдың 9 айында су полициясының қызметкерлері балық қорының заңсыз айналымына қатысты 400-ден астам заң бұзушылықты тіркеді. 84 тоннадан астам балық, соның ішінде 3 килограмм бекіре тұқымдас балық, 20 килограмнан аса уылдырық, 9 жүзу құралы тәркіленді. Браконьерлердің үстінен 200 қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны