30.03.2010, 18:29 2976

Атырау облысындағы тәртіп сақшылары мал ұрлығымен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топты құрықтады

Атырау облысындағы тәртіп сақшылары мал ұрлығымен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топты құрықтады

Атырау. 30 наурыз. Kazakhstan Today - Қалалық №1 Ішкі істер бөлімінің қызметкерлері мал ұрлығымен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топты құрықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today Атырау облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира Мұхтароваға сілтеме жасап.

"Құрманғазы ауданының 24,25 және 27 жастағы үш тұрғыны облыстың Махамбет, Исатай аудандарының жайылымдарынан және облыс орталығының "Сарыөзек" елді мекенінен ірі қара малдарды қолды еткен",- дейді Г.Мұхтарова.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "барымташылар сиыр малдарын арқандап, ал жылқыларды атып алып отырған. Қолға түскен ұрылардан тәртіп сақшылары айғақ заттар 16 калибрлі бір ұңғылы аңшы мылтығын оқ-дәрілерімен, 3 пышақ, арқан жіп, балта тауып, тәркіледі".

"Жәбірленушілердің арыздары бойынша қолды болған бір сиырдың құны 80 мың, ал бір жылқының құны - 200-250 мың теңге. Күні бүгін олардың "қармақтарында" 5 ірі қара , 2 сиыр болғаны анықталып отыр. Ұсталғандар ІІБ уақытша оқшаулау орнына қамауға алынды. Тергеу-тексеру одан әрі жалғасуда",- деді ІІД өкілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны