29.07.2014, 19:59 24657

Атырау облыстық ХҚКО-да халыққа 160 мемлекеттік қызмет ұсынылады

Атырау облыстық Халыққа қызмет көрсету орталықтарында халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрі 160-қа жетті. Тиісінше тек қалалық бөлімшелердің өзінде тұтынушылар саны 3500-4000 адамға дейін артты.

Алматы. 29 шілде. Kazakhstan today. Атырау облыстық Халыққа қызмет көрсету орталықтарында халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрі 160-қа жетті. Тиісінше тек қалалық бөлімшелердің өзінде тұтынушылар саны 3500-4000 адамға дейін артты, - деп хабарлайды Атырау облыстық "Халыққа қызмет көрсету орталығы" РМК бөлімшесінің директоры Қайрат Қоныс.

Оның айтуынша, 2013 жылы өңірдегі ХҚКО-ға 726 317 құжет келіп түскен. Соның ішінде 507 133-і электронды түрде, бұл жалпы көрсеткіштің 70%-ы. биылғы жылдың алғашқы жеті айы бойынша 461 432 құжат қабылданып, соның ішінде электронды құжаттар саны 336 542-ге жеткен. Бұл да өз кезегінде 73%-дық көрсеткіш.

Бөлімше директоры бүгінгі таңда мемлекет тарапынан электронды қызмет көрсетуге баса назар аударылып жатқанын айтады.

"Мысалға, электронды үкімет порталынан өз бетінше мемлекеттік қызмет алу үшін азаматтар электронды-сандық қол алады. Сонымен қатар, үй компьютері мен ғаламторға қол жеткізе алмайтын азаматтар үшін қызмет көрсететін "Connection point" секторы жұмыс істейді. Соның көмегімен азаматтар айыппұлдарын төлеп, көптеген қызметтерге төлем төлей алады. Облыста мүмкіндігі шектеулі жандар үшін 1 және 2-інші топтағы мүгедектерге қызмет көрсететін мобильді топ жұмыс істейді. Өтінішті тіркеу үшін бар болғаны 1414 нөміріне қоңырау шалып, мекен-жай мен қызмет түрін айтса жеткілікті. Және де мобильді топ шалғайдағы ауылдарға да бекітілген кестемен қызмет көрсетеді", - дейді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны