06.01.2014, 21:57 3353

Атырау-Ақтау жолында медициналық-құтқару пункті ашылды

Атырау-Ақтау жолындағы Доссор ауылының маңында медициналық-құтқару пункті ашылды, деп хабарлайды Атырау облысының ішкі саясат басқармасы.

Алматы. 6 қаңтар. Kazakhstan today. Атырау-Ақтау жолындағы Доссор ауылының маңында медициналық-құтқару пункті ашылды, деп хабарлайды Атырау облысының ішкі саясат басқармасы.

"Жолдағы медициналық-құтқару пунктінде қызмет көрсететін қызметкерлер саны 10 адам. Олар вахталық әдіспен жұмыс істейді. Ир ауысымның құрамында дәрігер, фельдшер, фельдшер-диспечер, жүргізуші-құтқарушы және құтқарушы бар", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ЖМҚП автопаркіне HyundaiCounty реанимобилі берілді. Машина бір мезетте 7 адамды таси алады.

Айта кету керек, "Саламатты Қазақстан" бағдарламасы аясында облыстық денсаулық сақтау басқармасы, ТЖД мен ІІД-нің әкімшілік полициясы тарапынан Атырау-Орал, Ақтөбе-Атырау-Астрахан және Атырау-Ақтау республикалық жолдарының ең қауіпті деген аймақтарының картасы дайындалды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны