27.03.2012, 09:15 3041

Атырауда 31 қазанда өзін-өзі жарып жіберген лаңкеспен байланысы бар деген күдіктілердің ісіне қатысты сот басталды

Көшпелі сот жабық түрде өтіп жатыр. Сот тергеу абақтысында өтуде. Онда 31 қазанда қалалық прокуратураның жанында өзін-өзі жарып жіберген 23 жасар Бауыржан Сұлтанғалиевке сыбайлас болған 5 күдікті қамауда. Өзі қаза болмас бұрын ол облыстық әкімдіктің алдында қоқыс жәшігіне салынған жарылғыш затты іске қосқан болатын.

Атырау. 27-наурыз. Kazakhstan Today - Атырауда кеше қыркүйек айында лаңкестікке қатысы бар күдіктілердің және 31 қазанда өзін-өзі жарып жіберген лаңкеспен байланысы бар күдіктілердің үстінен жабық сот үдерісі басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, көшпелі сот жабық түрде өтіп жатыр. Сот тергеу абақтысында өтуде. Онда 31 қазанда қалалық прокуратураның жанында өзін-өзі жарып жіберген 23 жасар Бауыржан Сұлтанғалиевке сыбайлас болған 5 күдікті қамауда. Өзі қаза болмас бұрын ол облыстық әкімдіктің алдында қоқыс жәшігіне салынған жарылғыш затты іске қосқан болатын.

Естеріңізге сала кетейік, бірінші істе 42 адам айыпталуда. Сот жабық түрде мамандандырылған ауданаралық сотта өтіп жатыр. Барлық күдіктілер лаңкестік қызметіне байланысты баптармен айыпталуда. Өткен жылдың қырқүйек айында қарсылық көрсеткен күдіктілердің бірі атылып өлген болатын.

Жалпы алғанда сот осы лаңкестік оқиғасына қатысты 47 адамның ісін қарамақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны