07.04.2014, 19:16 1762

Атырауда аймақ кәсіпкерлері ШОБ дамуын талқылады

Атырауда "Сарапшы - Батыс Қазақстан" тұңғыш аймақтық инвестициялық-экономикалық форумы "ATYRAU INVEST-2014" халықаралық форумы аясында өтті. Шарада Қазақстандағы шағын және орта бизнес зерттеу бойынша таныстырылым өтті.

Алматы. 7 сәуір. Kazakhstan today. Атырауда "Сарапшы - Батыс Қазақстан" тұңғыш аймақтық инвестициялық-экономикалық форумы "ATYRAU INVEST-2014" халықаралық форумы аясында өтті. Шарада Қазақстандағы шағын және орта бизнес зерттеу бойынша таныстырылым өтті.

Форумға 150 шақты адам қатысты, олар: Өңірлік дамыту министрлігі, Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі өкілдері, кәсіпкерлер мен инвесторлар қатысты, деп облыстың ішкі саясат басқармасы хабарлады.

Форумға қатысушыларды облыс әкімі атынан құттықтаған оның бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаев аймақтың отандық және шетелдік инвестиция тартуда тартымдылығын баса айтты. Бұл бағытта жергілікті атқарушы билік мүмкін шаралардың бәрін жүзеге асыруда.

Атыраудағы мұнай-технологиялық паркінде 300 шамалы кәсіпорын орналасуы күтілуде. Бастапқы тапсырыстар қазір-ақ түсе бастаған. Республика бойынша бірінші рет осы өңірде ашылғалы отырған газ-химия кешенінің келешегі де үлкен үміт күттіреді.

Бүгінде Атырау халықаралық әуежайына әлемнің түрлі алып ұшақтары еркін қонады. Ал, оның алдағы уақытта тағы да кеңейтіліп, жаңғыртылатындығы күтіліп отырғандығын айтар болсақ, мүмкіндігі қазіргіден де артады. Іргедегі Жайық өзені арқылы Каспий теңізіне шығар жол бар. Демек, табиғаттың өзі мұнайлы мекенді сенімді су қатынасымен қамтамасыз еткен.

Форумда "Цеснабанк" АҚ мен Атырау облысының әкімдігі және өңірлік кәсіпкерлер палатасымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Оған , қоса "Сарапшы - Батыс Қазақстан" аясында ірі компаниялар марапатталды.

Іскерлік бағдарлама аясында "Батыс Қазақстанға инвестиция тарту : жетілу жолдары" атты жоспарлы отырыс өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны