18.05.2010, 13:49 2868

Атырауда әуекомпаниясының басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Атырауда әуекомпаниясының басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Атырау. 18 мамыр. Kazakhstan Today - Атырауда 333 млн теңге көлеміндегі салық төлеуден жалтарған әуекомпаниясының басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Атырау облыстық Кедендік бақылау департаментінің контрабандамен күрес басқармасы бастығының міндетін атқарушы Қазыбек Қарамғожинға сілтеме жасап.

Оның айтуынша, "Алдын-ала кедіндік бақылау басқармасының қызметкерлері Атырау көлік прокуратурасымен бірлесіп әуетасымалымен жолаушылар тасымалдаумен шұғылданатын бір компанияға жоспарлы тексеру жүргізу нәтижесінде салық және кеден заңнамасын бұзу оқиғаларын анықтады".

Атап айтсақ, "тексеру барысында белгілі болғанындай, компания кедендік рәсімдеу кезінде республикаға жеке өндірістік қажеттілікке арнап әкелінген екі азаматтық тікұшақты декларациямен рәсімдеген. Алайда, олар кейін Қашаған жобасы бойынша "Аджип ККО" компаниясына тікұшақпен транспорттық қызметтерін көрсететін компанияға жалға берілген. Сөйтіп, шамамен жалпы көлемі 333 млн теңгенің салықтарын төлеуден жалтарған әуекомпанияның басшылығы жауапкершілік жүктеді", - деді Қ. Қарамғожин.

Оның айтуынша, "бұл дерек бойынша облыстық Кедендік бақылау департаментінің контрабандамен күрес басқармасының экономикалық қылмыстармен күрес және анықтау бөлімі қылмыстық іс қозғап, анықтау жұмыстарын жүргізуде".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны