09.01.2014, 20:56 2970

Атырауда Б.Рысқалиевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына байланысты тағы бір қылмыстық іс қозғалды

Атырауда қаржы полициясы Бергей Рысқалиевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына байланысты тағы бір қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Kazakhstan today ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

Алматы. 9 қаңтар. Kazakhstan today. Атырауда қаржы полициясы Бергей Рысқалиевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына байланысты тағы бір қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Kazakhstan today ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

"Қылмыстық іс ҚР ҚК 122-бабының 1-тармағы бойынша бұрынғы облыс әкімінің командасымен үлестес болған "СнабОйлСтрой" ЖШС компаниясының лауазымды тұлғаларына қатысты болып отыр. Оларға 2005-2009 жылдары салық төлеуден жалтарып, салық декларацияларына кірістер мен шығындар туралы жалған мәліметтер енгізіп, бюджетті 160 млн. теңгесінен қақты деген айып тағылды",- делінген хабарламада.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны