16.04.2013, 15:14 3429

Атырауда "Ембімұнайгаз" өндірістік филиалында тексерулер басталды

Мұндай мәлімдемені өңірдің қаржы полициясы компанияда соңғы жылдары орын алған-мыс ірі жемқорлық қылмыстары туралы баспасөзде бірнеше жарияланым шыққаннан кейін жасады.

Атырау. 16-сәуір. Kazakhstan Today - Атырау облысы бойынша Қаржы полициясы департаменті шұғыл алынған ақпаратқа сәйкес "Ембімұнайгаз" компаниясы өндірістік филиалының лауазымды тұлғаларына қатысты тексерістер жүргізуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Мұндай мәлімдемені өңірдің қаржы полициясы компанияда соңғы жылдары орын алған-мыс ірі жемқорлық қылмыстары туралы баспасөзде бірнеше жарияланым шыққаннан кейін жасады.

Атап айтқанда, "Ембімұнайгаздың" басшылығы мердігер компаниядан аяқталмаған жұмысты қабылдап, нәтижесінде 672 млн. теңге ұрланғандығы хабарлануда. Мердігерлік жұмыстардың бірі облыстың бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевпен тығыз жұмыс істеген компанияға берілген. Барлық жұмыстарды орындамай компания мемлекетке 41 мл. теңге көлемінде залал келтірді. Ал "Балғымбаев" кен орнына дейін жол учаскесін салуға тендерді жеңіп алған компания "Ембімұнайгаз" ӨФ-тің бірінші басшыларының біріне тиесілі. Тағы бір дерек, 361 млн. теңге сомасына тендерді ұтып алып, жұмысты тек 62 млн. теңгеге орындаған тағы бір компанияға қатысты болып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны