22.10.2007, 19:13 3437

Атырауда есірткінің ірі көлемі тәркіленді

Атырауда есірткінің ірі көлемі тәркіленді.

Атырау. 22-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Полиция қызметкерлері "Қару" жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізу барысында героин мен гашиштің ірі көлемін тапқан, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Атырау облысының Ішкі істер департаментіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, 21-қазанда 23.00-де Атырау облысының Ішкі істер департаментінің есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері жол полициясы басқармасындағы әріптестерімен бірлесе отырып Атырау - Астрахань тасжолында, облыс орталығынан 12 шақырым қашықта "ВАЗ-21310" көлігін тексеру үшін тоқтатқан.

Атырау облысының Ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы, полиция подполковнигі Гүлнәзира Мұхтарованың мәліметтеріне сүйенсек, жеңіл көлікті Атырауда уақытша тұратын Жамбыл облысының тұрғыны басқарған.

Полицейлер көлік жолаушысынан сәйкес құжаты жоқ, оқтізерінде алты оғы бар "ИЖ" маркалы тапанша, жалпы салмағы 16 граммды құрайтын гашиш салынған дорбалар тапқан.

Тінту жүргізушінің Атыраудағы жалдайтын үйінде жалғасқан. Оның үйіндегі төсіктің астынан жедел қызметкерлер сұр өңді ұнтақ салынған полиэтиленді ормалар тапқан. Сараптаманың анықтауынша, орамада 452 грамм героин, 416 грамм гашиш және екі киллограмдық "құрғақ" гашиш болған. Аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны