24.06.2014, 20:36 3332

Атырауда Францияның құрметті консулдығы ашылды

Атырау қаласында Қазақстанда бірінші рет Францияның құрметті консулдығы ашылды, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы. 24 маусым. Kazakhstan today. Атырау қаласында Қазақстанда бірінші рет Францияның құрметті консулдығы ашылды, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Атыраудағы Францияның құрметті консулы болып Есенгали Байменовтың ресми тағайындауы өтті. Бұл салтанатты шараға Францияның Казахстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Франсис Этьенн, Францияның Алматыдағы бас консулы Патрик Ренар және Атырау облысы әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан қатысты.

Салтанатты ашылуда Францияның Казахстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Франсис Этьенн - Құрметті консулдын миссиясы Франция елін осы аймаққа ұсынып, жергілікті билікпен өзара қарым-қатынас орнатып, Францияның Астанадағы елшілігі мен Алматы қаласындағы Бас Консульдығы араларында жұмыс жасау деді.

Сондай-ақ, консульдыққа Атырау облысында тұратын франция елінің азаматтырына әртүрлі көмек көрсетіп отырып, Франция мен Атырау арасында мәдени және экономикалық ынтымақтастықты нығайтып, алға қарай дамыту. Қазіргі уақытта Қазақстанда 1000-жуық француздықтар тұрса, Атырауда - 34 азамат тұрады.

Атырауда өзара 6 ірі компания жұмыс жасауда. Болашақта Атырауда визалық бөлім ашып, Шенгендық визаны сол жерден бекіту қарастырылатын болады. Сондай-ақ, Франция мен Атырау арасында тікелей авиахабарлар тарату жоспарда бар.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны