20.05.2014, 21:44 2895

Атырауда Қазақстан-Британ Форумы аясында 2 келісімге қол қойылды

Бүгін Атырау қаласында Қазақстан-Британ VII Форумы аясында мұнай газ секторына арналған метал конструкцияларының, өртке қарсы қауіпсіздік құралдарының өндірісі саласында 2 Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Алматы. 20 мамыр. Kazakhstan today. Бүгін Атырау қаласында Қазақстан-Британ VII Форумы аясында мұнай газ секторына арналған метал конструкцияларының, өртке қарсы қауіпсіздік құралдарының өндірісі саласында 2 Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Жыл сайын Форум Қазақстанда ҚР ИЖТМ Жергілікті қамтуды дамытудың ұлттық агенттігі ("NADLoC" АҚ), Ұлыбританияның Елшілігі жанындағы Сауда және инвестициялар жөніндегі Департаментінің (UKTI) қолдауымен өткізіледі.

Осы жылы 44 инвестициялық компанияларынан тұратын ағылшын делегациясын Қазақстанда және Орталық Азияда сауда мәселелері жөніндегі Ұлыбританияның Премьер-министрінің Сауда өкілі Чарльз Хендри басшылық жасады, ол компаниялар арасында қатынастардың нығаюына сенім білдірді.

Aksai Industrial Park және Advanced Insulation арасында өртке қарсы қауіпсіздік құралдарының бірлескен өндірісін құру туралы тағы бір келісімге қол жеткізілді.

"2011 жылдан бастап 23 серіктестіктердің айналымы шамамын 150 миллион АҚШ долларын құрады. Қазіргі кезде 62 серіктестіктерді құру бойынша келіссөздер жүріп жатыр, оның ішінде 35 бұл шағын және орта бизнес. Барлығы сәтті болған жағдайда, 2020 ж. дейін серіктестіктер айналымы 2,5 млрд. долларды құрайтын болады және 20 000 дейін жаңа жұмыс орындары жасалады", - деп мәлімдеді "Жергілікті қамтуды дамытудың ұлттық агенттігі ("NADLoC" АҚ) Төрағасы Қайрат Бектүргенев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны