24.12.2009, 13:38 2827

Атырауда көпір құрылысы жобасының техникалық басқаруына жауап беретін адам тұтқындалды

Атырауда көпір құрылысы жобасының техникалық басқаруына жауап беретін адам тұтқындалды

Астана. 24 желтоқсан. Kazakhstan Today - Атырауда көпір құрылысы жобасының техникалық басқаруына жауап беретін адам тұтқындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Атырау қаласындағы Мечников-Құрманғазы көшелерін қосатын көпір құрылысын жүргізу кезінде құрылыс нормалары мен ережелері өрескел бұзылуының салдарынан көпір құлап, мердігер мекеме "Трансстроймост" АҚ-ның 8 жұмысшысы қаза болғандығы туралы бұрын хабарланған болатын.

Осы қылмыс дерегі бойынша "Транстроймост" АҚ-ның бас инженері М.Бекмагамбетовке және жобаның техникалық басқаруына жауап беретін О.Зайцевке қатысты Атырау облыстық ІІД-мен ҚР ҚК-ның 245- бабының 2- тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Облыстық ІІД-мен сот алдында М.Бекмағамбетовты "үй қамауда ұстау", ал О.Зайцевты бұлтартпау шарасын "қамауға алу" түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға санкция берген, алайда Атырау қалалық соты аталған өтініштерді қанағаттандырудан бас тартқан.

Бірінші сатыдағы сотпен айыпталушылардың жасаған қылмысы ауыр қылмыстар санатына жататыны, оның соңы бірнеше адамның өліміне әкеліп соққаны ескерілмегендіктен, сот қаулысына жеке наразылықтар енгізілген болатын.

Атырау облыстық сотының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы қаулысымен Атырау қалалық сотының О.Зайцевке қатысты қаулысының күші жойылып, 2 ай мерзімге қамауға алуға санкция берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны