19.04.2012, 11:34 3463

Атырауда лаңкестерге қатысты сот үкімі шықты

Естеріңізге сала кетейік өткен жылы 31 қазанда облыстық әкімдік ғимараты мен Сарыарқа мөлтек ауданы маңында екі жырылыс болып, лаңкес қаза тапқан еді. Соған қатысты 2-сәуірде күдікті деп танылған 5 лаңкеске сот үкімі шығып, 6 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылған болатын. Жалпы батыс аймақта террористік әрекетке қатысы бар деген күдікпен 47 адам ұсталып, тергелді.

Атырау. 19-сәуір. Kazakhstan Today - Атырауда лаңкестік әрекет жасауға және осындай қылмыстық топты құруға қатынасы бар 42 азаматқа қатысты тергеу ісі аяқталып, бүгін сот үкімі шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік өткен жылы 31 қазанда облыстық әкімдік ғимараты мен Сарыарқа мөлтек ауданы маңында екі жырылыс болып, лаңкес қаза тапқан еді. Соған қатысты 2-сәуірде күдікті деп танылған 5 лаңкеске сот үкімі шығып, 6 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылған болатын. Жалпы батыс аймақта террористік әрекетке қатысы бар деген күдікпен 47 адам ұсталып, тергелді.

Бүгін 42 күдікті лаңкеске қатысты Атырау облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық соты үкім жариялады. Олар 5 жылдан 15 жылға дейін қатаң және жалпы жүйеде жазаларын өтейтін болады. Олар ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша айыпталып отыр,- деді облыстық прокуртура қызқметкерлері

"Сот үкімімен осы тұлғалар террористік топ құру, терроризмді қаржыландыру, террористік актілерді, соның ішінде мемлекет органдары қызметкерлерінің және тіршілікті қамтамасыз ететін нысандарға терроризмді насихаттау, атыс қаруларын, оқ-дәрілерді, жарылғышзаттар мен құрылғыларды сатып алып жасағандары үшін айыпты деп танылды", - деп мәлім етті Тергеу ісі заңдылығын қадағалау басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ғалымжан Құлманов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны