21.07.2014, 20:04 2069

Атырауда Ұлттық ақпараттық орталық бөлімшесі ашылды

Атырау қаласында "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-ның облыстық филиалы ашылды.

Алматы. 21 шілде. Kazakhstan today. Атырау қаласында "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-ның облыстық филиалы ашылды. Жаңа орталық электронды Үкіметті және оның компоненттерін дамытуға, жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру үрдістерін жүзеге асыруға атсалысатын болады, деп аймақ басшысының әкімдігінен хабарлады.

"Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ақпараттық технологиялардың қазіргі мемлекет басқарудағы рөлінің маңыздығын ерекше айтып келеді. Бүгін Атырауда ашылып отырған орталық сол игі бастамалардың жалғасы деп білемін. Бұл орталық ақпараттық технологияларды дамытуда, мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметтердің халыққа сапалы қызмет етуге үлкен үлесін қосады деген сенімдемін", - деді жаңа нысанның ашылу салтанатына арнайы қатысқан облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан.

Айта кетерлік жайт, аппарат залы барлық қажетті құрал-жабдықпен толық қамтылған. Ақпараттық жүйені реттейтін, қамтамасыз ететін инженерлік инфрақұрылымда 23 қызметкер жұмыс істейді. Ақпараттық технология саласы қызметкерлерінің барлығы да халықаралық деңгейде білім жетілдіру курстарынан өтіп, сертификаттарға иеленген.

Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық ақпараттық орталық 2000 жылдары құрылып, он төрт жылдай уақыт бойы еліміздің әр аймағында мемлекеттік органдардың және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында жұмыс істеуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны