18.05.2010, 14:17 2781

Атырауда жалған кәсіпорындар арқылы мемлекетке 694 млн теңгенің шығыны келтірілді

Атырауда жалған кәсіпорындар арқылы мемлекетке 694 млн теңгенің шығыны келтірілді

Атырау. 18 мамыр. Kazakhstan Today - Атырауда жалған кәсіпорындар арқылы мемлекетке 694 млн теңгенің шығыны келтірілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today облыстық Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің жетекшісі А. Мұхтарованың хабарлауынша, "2008 жылдың ақпаны мен 2009 жылдың қазаны аралығында Ж. Аренов бір топ адаммен бірлесіп, салықтан және басқа да міндетті төлемдерден жалтару үшін "Жағалау" ЖШС атты кәсіпорын құрған, оның есепшотының көмегімен ол ұрланған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру арқылы мемлекетке 474 млн астам теңгенің шығынын келтірген. Атырау қалалық сотының үкімімен ол ҚР Қылмыстық кодексінің 192-ші бабының 2-ші тармағының "б" тармақшасы (жалған кәсіпкерлік) бойынша айыпты деп танылып, үш жылға бас бостандығынан айрылды және мүлкін тәркілетті. Одан мемлекеттік кіріске 474 млн теңге көлеміндегі материалдық шығынды өтетіп алу туралы шағымды сот толық қанағаттандырды".

Оның хабарлауынша, сондай-ақ, " облыстық Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаменті "Нұрай Құрылыс Атырау" ЖШС атты жалған кәсіпорын құру арқылы мемлекетке 220 млн теңгенің шығынын келтірген Б. Көпешовқа қатысты тағы да осы тектес қылмысты тексеріп аяқтады. Ол да ҚР Қылмыстық кодексінің 192-ші бабының 2-ші тармағының "б" тармақшасы бойынша (жалған кәсіпкерлік) сотталды, үш жылға бас бостандығынан айрылып, мүлкін тәркілетті".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны