21.09.2012, 12:19 3310

Атыраудағы арнайы операция кезінде 4 күдіктінің көзі жойылды

Атыраудағы арнайы операция кезінде құқық қорғау органдары Атырау қаласы ІІБ ғимаратына және полиция қызметінің патрульдік-пост қызметкерлеріне жасалған шабуылға қатысы бар 4 күдіктінің көзін жойды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Атырау. 21-қыркүйек. Kazakhstan Today - Атыраудағы арнайы операция кезінде 4 күдіктінің көзі жойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Атыраудағы арнайы операция кезінде құқық қорғау органдары Атырау қаласы ІІБ ғимаратына және полиция қызметінің патрульдік-пост қызметкерлеріне жасалған шабуылға қатысы бар 4 күдіктінің көзін жойды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Атырауда полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған күдіктілерді қолға түсіру бойынша арнайы операция аяқталды.

Бас прокуратурада мәлімдегендей, күдіктілер берілу ұсынысынан бас тартып, арнайы бөлімше қызметкерлеріне қарулы қарсылық көрсеткен.

"Лаңкестікке қарсы операция кезінде қарулы қарсылық көрсеткен барлық төрт күдіктінің көзі жойылды", - деп мәлімдеді органда.

Бейбіт халық арасында қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Бұған дейін хабарланғандай, 2012 жылдың 20 қыркүйегінде құқық қорғау органының қызметкерлері Атырау қаласының маңында орналасқан "Көктем" саяжай алабындағы үйлердің бірінде қыркүйектің 14-нен 15-не қараған түні полиция қызметінің патрульдік-пост қызметкерлеріне және Атырау қаласы ІІБ ғимаратына жасалған қарулы шабуылға қатысы бар күдікті тұлғаларды анықтады.

Осыған байланысты таңғы 08:30-дан бастап аталған жерде оларды қолға түсіру мақсатында лаңкестікке қарсы операция жүргізілді.

Операция өтіп жатқан аумаққа ерекше құқықтық режим енгізіліп, жақын маңдағы үйлердің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны