12.10.2007, 16:19 2816

Атыраудағы ұйымдасқан қылмыстық топ әкелген залал алдын-ала есеп бойынша 6 млрд теңгені құрады

Атыраудағы ұйымдасқан қылмыстық топ әкелген залал алдын-ала есеп бойынша 6 млрд теңгені құрады.

Атырау. 12-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Атырау қаласында әрекет еткен қылмыстық топтың бюджетке салық төлемеуінен келген шығын көлемі алдын-ала есеп бойынша 6 млрд теңгені құрады, деп мәлімдеді "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Атырау облыстық экономикалық және сыбайлас қылмыстармен күрес департаменті.

Департамент ақпаратына сүйенсек, ұйымдасқан қылмыстық топ 2003 жыл мен 2006 жылдар аралығында қаржылық қиқұрқылықтардың әбден ойластырылған амалын пайдаланған. Осы үшін арнайы көптеген жалған кәсіпорындар құрылған. Олар Алматы қаласында тіркелген. Ал, ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырумен және Атырау мұнай өңдеу зауытының мұнай өнімдерін сатумен Атырау қаласында және одан тысқары жерлерде айналысқан.

Таратылған баспасөз баянында хабарланғандай, бір бөлмеде отырып алып, түрлі фирмалардың атынан өкілдік еткен жеке тұлғалар мұнай өнімдерінің сатылғаны жөнінде таңбалары мен қолдарын қойып отырған.

"Осы кәсіпорындар рәсімделген тұлғалар, құрылтайшылар және басшылар "Пролинк - Экспресс" ЖШС-нің 17,5 млрд теңге көлеміндегі жабық ақша айналымы және банктерде қолма-қол ақшаға айналдырылған 4,5 млрд теңге жөнінде ештеңе білмеген", - деп көрсетілген құжатта. Бұл жалған кәсіпорындар өздерінің жұмыс істеген мезгілінде тиісті органдарға ешқашан салықтық есептер бермеген, ешбір салық төлемеген.

Қылмыстық іс аясында Алматы және Атырау қалаларының екінші деңгейлі 9 банкінен 40 төлем құжаты алынған. Сонымен бір мезгілде, күдікті тұлғалардың тұрғылықты мекені және жұмыс орны бойынша тінтулер жүргізілген. Сонымен қатар, 15 тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Банктерден тікелей қолма-қол ақшаларды алып келген қылмыстық топтың 5 белсенді мүшесі тұтқындалған. Оларға айып тағылған. Қазіргі кезде тергеу амалдары жалғасуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны