04.12.2023, 09:52 26311

АМТ шахтасындағы қайғылы оқиға: Бас прокурор ққауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жүйесінің жетілдірілмегендігі туралы айтты

Бірқатар факторлар құқықтық реттеу мен мемлекеттік бақылаудың жеткіліксіздігімен байланысты
АМТ шахтасындағы қайғылы оқиға: Бас прокурор ққауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жүйесінің жетілдірілмегендігі туралы айтты
Сурет: Depositphotos
Бас прокуратура "АрселорМиттал Теміртау" АҚ (АМТ) жағдайына және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жүйесінің жетілдірілмегеніне қатысты депутаттық сауалды қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бас прокурор Берік Асылов депутаттық сауалға берген жауабында қазіргі уақытта АМТ шахталарындағы соңғы апаттар бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабының 3-бөлігі (тау-кен немесе құрылыс жұмыстары кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіліп жатқанын айтты. Бұл іс прокуратураның бақылауында болады.

Оның айтуынша, мұндай қайғылы оқиғалар жұмысшылардың қауіпсіздігіне жауапты тұлғалардың дұрыс емес көзқарасының салдары, сондай-ақ қалыптасқан бірқатар әртүрлі факторлардың, соның ішінде құқықтық реттеу мен мемлекеттік бақылаудың жеткіліксіздігімен байланысты.

Мәселен, жұмысшылардың еңбек құқықтарын бұзғаны үшін (ескертуден 500 мың теңгеден аспайтын айыппұлға дейін) әкімшілік жазалар ауқымы ірі бизнес үшін мардымсыз, сондықтан оларды "тәртіпке тарту" әдістері жұмыс істемейді", - деді Бас прокурор Берік Асылов.


Сонымен қатар, оның айтуынша, заңға тәуелді актілерде жарақаттану және қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзу фактілері анықталған кәсіпорындарды жыл сайынғы тексеруге рұқсат беретін нормалар жоқ.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны