Система Orphus

Атырау қаласындағы әскери жиын барысында әскердегі тәрбие жұмысының жетілдірілуі талқыланды

18.02.2020, 23:30 9046

Алматы. 18 ақпан. Kazakhstan Today - Атырау қаласындағы әскери жиын барысында әскердегі тәрбие жұмысының жетілдірілуі талқыланды.

"Батыс" өңірлік қолбасшылығының тәрбиеші офицерлерімен әскердегі тәрбие және идеологиялық жұмысты жетілдірудің, оған инновациялық идеяларды енгізу мен бөлімшелердегі микроклиматты жақсартудың негізгі бағыттары бойынша оқу жиындары өткізілді.

Үш күндік оқу-жаттығу жиыны барысында Атырау, Ақтау және Ақтөбе гарнизондарының тәрбиеші офицерлерімен бірге тәрбие және идеологиялық жұмысты ұйымдастырудағы әдістемелік шеберлікті арттыру мақсатында түрлі форматтағы өткізілді. Жеке құрамның моральдық-психологиялық жағдайын жақсартуға жас буынның қазіргі заманғы тенденцияларын ескере отырып, әртүрлі инновациялық идеяларды жүзеге асыруға ерекше көңіл бөлінді.

"Жыл сайын еліміздің шет-шетінен мыңдаған жас Отан қорғаушылары шақырылады, әскери оқу орындарын жас офицерлер тәмамдап әскери бөлімдерге келеді, сонымен қоса ер азаматтар мен әйелдер келісімшарт бойынша қызмет етуге бел буады. Әскери бөлімдерде біз олардың барлығына қызмет етуге қолайлы жағдай жасауға ұдайы тырысып отырамыз. Алайда, жас буынның түрлі жағдайлар мен құбылыстарға, өмірлік құндылықтарына деген көзқарастары бұрынғы жылдардағыдай емес. Бүгінгі таңда оларға ерекше назар бөліп, мотивация беріп, күнделікті оқу процесін барынша оңтайлы ету қажет. Сондықтан, осындай жиындар барысында біз барлық дәрежедегі командирлерге кедергі болып, қиындық туғызатын жағдайларды анықтауға тырысамыз. Сол себепті жиынның басты мақсаты, ол қызметтегі командирлердің өз жеке құрамының жауынгерлік рухының жоғары екендігіне күмән туғызбау, күнделікті қызметті басқаруда ортақ түсінікке қол жеткізе алу", - дейді" Батыс" өңірлік қолбасшылығы командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары полковник Серік Сейтбаев.

Оқу-жаттығу жиыны барысында тәрбиеші офицерлер жеке құраммен психологиялық тестілеуді әс жүзінде дұрыс өткізу, анонимдік сауалнаманы дұрыс құрастыру, нормативтік құжаттды қолдана отыра, бөлімшедегі құқықтық жұмысты ұйымдастыру бойынша дәрістер алды.

Бүгінгі күні, тәрбиеші офицерлер бөлімнің ақпараттық-ағарту жұмыстарын, әскери тәртіпті және тәртіпті сақтау, мәдени және бос уақытты ұйымдастыру, сондай-ақ теріс идеологиялық әсерге қарсы тұру тұру бойынша маңызды жұмыстарды атқарып келуде.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны