06.02.2020, 20:22 6610

Атырау облыстық әкімдігінің лауазымды тұлғалары сотталды

Барлық сотталушы тұлғалар өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан айырылды.

Алматы. 6 ақпан. Kazakhstan Today - Атырау облыстық әкімдігінің лауазымды тұлғалары сотталды.

Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Н.Сайлауоваға, облыстық білім беру басқармасының басшысы К.Кенжеғалиевке және оның орынбасары Р.Қабдуловаға, "Н.Тлендиев атындағы облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар кіші өнер академиясы" ММ-нің бас есепшісі Н.Мажитоваға, "Облыстық білім беру басқармасының әдістемелік орталығы" ҚМҚК-нің басшысы Г.Кабекеновке және ҚМҚК-нің бас есепшісі К.Иманғазиеваға, "Геолог Қазақстан" сауықтыру пансионаты ҚМҚК-нің бас есепшісі К.Жамеловаға және оның оның көмекшісі Б.Забеновке қатысты тергеу аяқталды.

Олар бюджеттен бөлінген 118 млн. теңгені жымқырып, сондай-ақ тауарларды жеткізу келісім-шарттарын жасауға, аттестаттан өтуге және ҰБТ тапсыруға жәрдемдескені, ақшалай сыйақымен көтермеленетін үміткерлердің тізіміне еңгізгені үшін ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінген.

2020 жылдың 06 ақпанында Атырау қалалық №2 сотымен сотталды:

- Н.Сайлауова бюджет қаржысын жымқырғаны, лауазымын асыра пайдаланғаны, пара алғаны үшін 2 жылға бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ "Құрмет" Ордені мемлекеттік наградасынан айыруға ұсыныс енгізілді.

- К.Кенжеғалиев бюджет қаржысын жымқырғаны, лауазымын асыра пайдаланғаны, пара алғаны үшін 2 жылға бас бостандығынан шектелді.

- Р.Кабдулова бюджет қаржысын жымқырғаны, пара алғаны және алаяқтық жасағаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

- Н.Мажитова бюджет қаржысын жымқырғаны және алаяқтық жасағаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

- Г.Қабикенов бюджет қаржысын жымқырғаны және алаяқтық жасағаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

- К.Имангазиева, К.Жалелова, Б.Забенов бюджет қаржысын жымқырғаны үшін 4 жыл 6 айға бас бостандығынан шектеу.

Барлық сотталушы тұлғалар өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан айырылды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны