14.08.2026, 11:58 39411

Атырау облысында тергеу изоляторына телефон өткізбек болған азамат ұсталды

Атырау облысында тергеу изоляторына телефон өткізбек болған азамат ұсталды
Сурет: Polisia.kz
Атырау облысында "Тосқауыл" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында тергеу изоляторына тыйым салынған затты өткізу әрекетінің жолы кесілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

30 шілде мен 17 тамыз аралығында өткізіліп жатқан жедел-профилактикалық іс-шара барысында №75 мекемесіне келіп түскен сәлемдемені тексеру кезінде қызметкерлер азық-түлік арасынан жасырылған телефонды анықтады.

Тексеру нәтижесінде тыйым салынған затты мекеме аумағына өткізуге әрекет жасаған азаматтың жеке басы анықталды. Аталған факті бойынша азаматқа қатысты заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданды.

Қылмыстық-атқару жүйесі органдары мекемелердің ішкі аймағына телефондар мен өзге де тыйым салынған заттарды өткізуге жол берілмейтінін ескертеді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны