04.02.2019, 15:18 9743

Атырауда алғаш рет командалық-штабтық жұмылдыру оқу-жаттығуы өтті

Оқу-жаттығудың тапсырмасы бойынша аумақтық қорғаныс бригадасының басқармалары жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірілді. Бригаданың басты оқу тапсырмасы әскери және мемлекеттік маңызы бар объектілерді күзету мен қорғау жөніндегі іс-шаралардың ұйымдастырылуы мен орындалуы болды.

Атырау. 4 ақпан. Kazakhstan Today - Атырау облысында жуырда ғана құрылған аумақтық қорғаныс бригадасымен тұңғыш рет командалық-штабтық мобилизациялық оқу-жаттығулары өткізілді.

"Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы генерал-майор Қаныш Абубакировтың басшылық етуімен Атырау облысының аумақтық қорғаныс бригадасымен командалық-штабтық жұмылдыру оқу-жаттығуы өтті.

Оқу-жаттығудың тапсырмасы бойынша аумақтық қорғаныс бригадасының басқармалары жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірілді. Бригаданың басты оқу тапсырмасы әскери және мемлекеттік маңызы бар объектілерді күзету мен қорғау жөніндегі іс-шаралардың ұйымдастырылуы мен орындалуы болды.

Өткізілген іс-шараның мақсаты басқару, хабардар ету және байланыс жүйелерінің ұйымдастырылуын тексеру, аумақтық қорғаныс бригадасының таратылуы мен жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірілуін шартты түрде өткізу болды. Оқу-жаттығу шеңберінде бригада командирі тиісті жағдай бойынша шешім қабылдады, қажетті есептер жүргізілді.

Басқару органдары іс-қимылдарының үйлесімділігін арттыру мақсатында жедел жағдай кіріспелерді жеткізу және кенеттен туындайтын тапсырмаларды шешу үшін өкімдер беру арқылы үнемі өрістетіліп отырды. Аумақтық қорғаныс бригадасының маңызды міндеті елдімекендерді, маңызды нысандар мен коммуникацияларды күзету мен қорғау, сондай-ақ жергілікті халықты қорғау болып табылатынын айта кету қажет.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны