04.02.2016, 17:12 3427

Иуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінде кез-келген жағдайда жауынгерлік тапсырмаларды орындау даярлығы тексерілді

Тексерудіӊ еӊ маӊызды бөлігі жауынгерлік оқу-жаттығу тапсырмаларын орындау кезінде жеке құрамныӊ жинақылығын анықтау болып табылады. Жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес Ақтау гарнизоныныӊ жеке бағынысты әскери бөлімдері жауынгерлік ептілік деӊгейінен арнайы мақсаттар бойынша тапсырмаларды орындаудағы жеке құрамныӊ жинақылығы мен даярлығы тексеріледі.

Астана. 4 ақпан. Kazakhstan Today - ҚР ҚК Иуе қорғанысы күштеріне қарасты Иуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімдері мен құрылымдарында жауынгерлік даярлықтыӊ жоспарлы тексеруі басталды. ҚР ҚК ИҚК Иуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерініӊ қолбасшысы генерал-майор Нұржан Мұқанов 25750 әскери бөлімініӊ офицерлер тобымен бірге Ақтау гарнизонында жоспарлы жұмыс сапарын өткізуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Тексерудіӊ еӊ маӊызды бөлігі жауынгерлік оқу-жаттығу тапсырмаларын орындау кезінде жеке құрамныӊ жинақылығын анықтау болып табылады. Жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес Ақтау гарнизоныныӊ жеке бағынысты әскери бөлімдері жауынгерлік ептілік деӊгейінен арнайы мақсаттар бойынша тапсырмаларды орындаудағы жеке құрамныӊ жинақылығы мен даярлығы тексеріледі. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

"Тексерудіӊ басты мақсаты құрылымдардыӊ кез-келген жауынгерлік тапсырманы орындауы, олардыӊ моральдық-іскерлік қасиеттерін және жауынгерлік даярлық деӊгейін бағалау болып саналады. Біз күрделі ауа-райы жағдайларында әуе кеӊістігімізді күзете отырып, тәулік бойы жауынгерлік кезекшілік атқаратын жеке құрамға ерекше көӊіл бөлеміз және ұдайы тексерулер жүргіземіз", - деп атап өтті ҚР ҚК ИҚК ИШҚҚ әскерлерініӊ қолбасшысы генерал-майор Нұржан Мұқанов.

Жұмыс сапары барысында қолбасшы роталар мен дивизиондар үшін жеке кешенді инфрақұрылым объектілерініӊ құрылысы мәселелерін қарады.

Жоспарлы жұмыс тексеруі аптаныӊ соӊына дейін жалғасатынын айта кеткен жөн. Тексерудіӊ аятқалуы барысында әскери қызмет даярлығы мен жауынгерлік тәртіпті нығайту бойынша әдістемелік ұсыныстар беріліп, сондай-ақ бөлімше командирлеріне қажетті көмек көрсетілетін болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны