04.05.2015, 14:22 3735

Иуеде жасалған "70" саны -парадқа қатысушы авиаторлардыӊ көрермендерге жасайтын сыйлығы

Парадта авиа-шоу ерекше орын алатын болып отып. Искери ұшқыштар жеке және пилотажды топ құрамында жоғарғы пилотаж фигураларын орындап, өз шеберліктерін көрсетпек. Авиаторлар ұлы жеӊістіӊ мерейтойын айғақтайтын "70" санын әуеде көрсетіп көрермендерге сый жасайды.

Астана. 04 Мамыр. Kazakhstan Today - Ұлы Отан соғысындағы Жеӊістіӊ 70 жылдығына арналған қазақстандық армия тарихындағы еӊ ірі әскерлер парадына үш күн уақыт қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Парадта авиа-шоу ерекше орын алатын болып отып. Искери ұшқыштар жеке және пилотажды топ құрамында жоғарғы пилотаж фигураларын орындап, өз шеберліктерін көрсетпек. Авиаторлар ұлы жеӊістіӊ мерейтойын айғақтайтын "70" санын әуеде көрсетіп көрермендерге сый жасайды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

7 мамыр күні Астана аспаны астында қазақстандық ИИК қаруыныӊ бір бөлігі болып саналатын 70 авиациялық техника әуеге көтеріледі. Бұлар майдандық, әскери-көліктік және армия авиациясыныӊ Су-25, Су-27, Су-30, МиГ-29, МиГ-31, МиГ-27, Ан-26, Ан-72, Ту-134, Ту-154, С-295 (Airbase Military) ұшақтары, сондай-ақ Ми-8, Ми-17, Ми-171, Ми-26, К-32 және ЕС-145 (Еврокоптер) тікұшақтары. Бұдан өзге парадқа ҚР Қарулы Күштерініӊ тарихында тұӊғыш рет қазақстандық Искери-әуе күштерініӊ сапын толықтырған жаӊа жоғарғы маневрлі Су-30СМ жойғыш ұшағы қатысатын болады.

Алдағы парад - біздіӊ болашағымыз үшін, бейбітшілік пен бостандық үшін күрескен батыр ата-бабаларымызға құрмет, сондай-ақ бүгінде ел қорғаны болып табылатын қазақстандық армияныӊ жауынгерлік күш-қуатын көрсетеді.

Ертеӊ 5 мамыр күні Астанадағы айтулы әскери парадтыӊ бас репетициясы өтетін атап өткен жөн. Ауқымды шеруге 5 000-нан аса әскери қызметші, 220 бірлік заманауи қару-жарақ пен әскери техника, сонымен бірге 70 бірлік қазіргі заманғы авиация техникасы тартылады. Сонымен бірге мұнда қазіргі заманғы ҚР Қарулы Күштерімен бірге Ұлы Отан соғысы кезеӊіндегі армия мен қару түрлері көрсетілмек.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны