Система Orphus

Ауғанстандағы жағдай күрделенсе көші-қон ағыны күшеюі мүмкін - В. Божко

01.02.2016, 17:45 1918

Астана. 1 ақпан. Kazakhstan Today - Ауғанстандағы жағдайдыӊ ушығу ықтималдығына орай көші-қон ағыны күшеюі мүмкін. Бүгін Парламент Сенаты Конституциялық заӊнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетініӊ кеӊейтілген отырысынан соӊ журналистерге берген сұхбатында Ішкі істер министрініӊ орынбасары Владимир Божко осылай мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Біз Ауғанстандағы жағдайдыӊ күрделеніп бара жатқанын, оныӊ ушығу мүмкіндігін түсінуге тиіспіз. Сондықтан да, бәріне әзір болуымыз керек, еӊ бастысы бізге босқындардыӊ ағыны жағдайын да, көші-қон процесстерініӊ күшею үдерісін де қаперде ұстаған ләзім. Мемлекет осы үдерістерді назарда ұстап отыр, сондықтан да, біздіӊ еліміз үшін осындай қатерлерге дер кезінде ден қою маӊызды", - деді В. Божко, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Оныӊ айтуынша, Ауғанстандағы соӊғы оқиғалар туралы назардан тыс қалдырмау керек. Сондықтан да, министрлік бұл мәселені жіті бақылауда ұстап отыр.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны