03.02.2011, 16:19 3924

Ауыл әкімі алаяқтығы үшін бес жарым жылға бас бостандығынан айырылды

Атырау облысының Махамбет ауылының бұрынғы әкімі Асхат Қабдешов алаяқтығы үшін бес жарым жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 3 - ақпан. Kazakhstan Today - Атырау облысының Махамбет ауылының бұрынғы әкімі Асхат Қабдешов алаяқтығы үшін бес жарым жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, ол алаяқтықпен 1000 АҚШ доллары көлемінде ақша алған.

"Махамбет ауылдық округының бұрынғы әкімі көрші аймақтан жер телімін алып беру жөнінде уәде беріп, алаяқтық жолмен ақша алмақ болған және аталған соманы алу үстінде Атырау қаласы дәмханаларының бірінде қаржы полициясы қызметкерлерімен ұсталды",- Бас прокуратураның баспасөз қызметінен.

"Бұл қылмыстық іс Махамбет аудандық сотына жолданып, сот бұрынғы ауыл әкімін бес жарым жылға бас бостандығынан айыру жөнінде шешім қабылдады",- делінген келіп түскен ақпаратта.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны