19.06.2013, 14:39 2757

Ауыл шаруашылығы басшысы сәйкестендірме биркалары болмағаны үшін фермерлерге айыппұл салуды тапсырды

Бүгін мал шаруашылығын дамыту мәселелері бойынша алқа отырысында ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков Ветеринария комитетіне ірі қара малдың сәйкестендірме биркалары болмағаны үшін айыппұлдық ықпалшаралар енгізуді тапсырды.

Астана. 19-маусым. Kazakhstan Today - Ауыл шаруашылығы басшысы сәйкестендірме биркалары болмағаны үшін фермерлерге айыппұл салуды тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін мал шаруашылығын дамыту мәселелері бойынша алқа отырысында ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков Ветеринария комитетіне ірі қара малдың сәйкестендірме биркалары болмағаны үшін айыппұлдық ықпалшаралар енгізуді тапсырды.

"Ветеринария комитетіне сәйкестендірме биркалары болмағаны үшін қатал айыппұл салуды тапсырамын... Жоспар құрыңыздар, сонда оған тез қол жеткізесіздер. Сіздер үшін фермерлер мен мал иелері зардап шегеді", - деді А.Мамытбеков.

Сонымен қатар, ол сәйкес жоспар әзірленетінін және оны орындамаған жағдайда ауыл шаруашылық департаментінің қандай да бір басшысының қызметі жайлы мәселе қозғалатынын айтып кетті.

Ветеринария комитетінің мәліметінше, төлдеген малға, төлдерге сәйкестендіру пайызы республика бойынша 50%-дан аз.

Үстіміздегі жылы ұсақ малды сәйкестендіру деңгейі 39%-ды құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны