24.04.2018, 13:25 4654

Ауыл шаруашылығы ҒЗИ қазіргі таӊда жылына 70-ке жуық аспалы және тіркемелі топырақ өӊдейтін техникаларды шығаруда

21 сәуірде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрініӊ орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев ғылыми-зерттеу институттары мен Қазақ Ұлттық аграрлық университетінде болды.

Алматы. 24 сәуір. KazakhstanToday - 21 сәуірде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрініӊ орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев ғылыми-зерттеу институттары мен Қазақ Ұлттық аграрлық университетінде болды.

Қазіргі уақытта аграрлық ғылымға ерекше назар аударылуда. Елбасы өз Жолдауында "аграрлық ғылым еӊ алдымен жаӊа технологияларды трансферттеумен айналысуы және оларды отандық жағдайларға бейімдеу мәселелерін шешуге тиіс" деп атап өтті.

"Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" базасында ылғал-ресурс үнемдеуші технологияларды дамыту, бәсекеге қабілетті сорт пен тұқымды іріктеу, жемшөп өндірісі, тауарлы балық өсіру және шикізатты қайта өӊдеу бойынша жаӊа ғылыми жобалар мен заманауи технологиялар ұсынылды.

Іс-шара барысында Ө.Шөкеев Алматы облысыныӊ жетекші ғылыми-зерттеу институттарыныӊ ғалымдарымен аграрлық ғылымды реформалау, цифрлық технологияларды енгізу және фермерлік шаруашылықтардағы нақты егіншілік жүйесін енгізу мәселелерін талқылады.

Қазақстандағы аграрлық ғылымныӊ дамуы, басқа алдыӊғы қатарлы елдердегідей "ғылым - білім - өндіріс" арқылы интеграция және тығыз өзара әрекеттесу жүйесі енгізілуде. "Бұл міндеттерді шешу аграрлық салада құрылған ғылыми әлеуетті кеӊінен тарту, өндірістегі ғылымныӊ соӊғы жетістіктерін енгізу негізінде жүзеге асырылуы тиіс", - деді министр.

Мемлекеттік саясаттыӊ негізгі мақсаттарыныӊ бірі - мол егін алу үшін қазақстандық фермерлерді қолдау мақсатында қазіргі заманға сай және қолжетімді ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз ету болып табылады. Аталған мәселе ауыл шаруашылығы механизациялау және электрификациялау Институтында талқыланды.

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерініӊ тапсырысы бойынша аталған ҒЗИ қазіргі таӊда жылына 70-ке жуық аспалы және тіркемелі топырақ өӊдейтін техникаларды шығаруда.

Айта кетейік, мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығы техникасын лизингке беру бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау жоспарланып отыр. Жоба бойынша, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға арналған несие бойынша пайыздық мөлшерлеменіӊ (7-10%) бөлігі бюджеттен субсидияланады. Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға арналған инвестициялық субсидиялардыӊ бағдарламасы шығындардыӊ 25 пайызын өтеу түрінде жалғасады.

Ирі қарай министр Қазақ ұлттық аграрлық университетіне барып, Қазақ-жапон инновациялық орталығыныӊ, Агротехнологиялық ХАБ пен инновациялық су орталығыныӊ жұмысымен танысты. ҚазҰАУ базасында агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ғылыми-зерттеу университетін құру (Агротехнологиялық хаб түрінде) Қазақстан Республикасыныӊ агроөнеркәсіптік кешенін дамытудыӊ мемлекеттік бағдарламасына енгізілді.

Елбасыныӊ бес бастамасын жүзеге асыру аясында аграрлық мамандықтарға гранттар беру, студент жастардыӊ өмір сүру жағдайларын жақсартуға ерекше назар аударылды.

ҚР АШМ Қоғаммен байланыс департаменті

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны