10.06.2016, 16:36 5066

Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметовтіӊ Қазақстанныӊ салалық одақтары және қауымдастықтарымен кездесуі

Биылғы жылғы 9 маусымда Қазақстан Республикасыныӊ Ауыл шаруашылығы министрініӊ Қазақстанныӊ агро өнеркәсіптік кешеніндегі салалық одақтарымен және қауымдастықтарымен кездесуі өтті

Астана. 10 маусым. Kazakhstan Today - Биылғы жылғы 9 маусымда Қазақстан Республикасыныӊ Ауыл шаруашылығы министрініӊ Қазақстанныӊ агро өнеркәсіптік кешеніндегі салалық одақтарымен және қауымдастықтарымен кездесуі өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Кеӊес барысында агробизнестіӊ проблемалық мәселелері талқыланды.

Салалық бірлестіктердіӊ өкілдері негізінен агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау жүйесін реформалау және қаржыландырудыӊ жеткіліксіздігі жөніндегі мәселелерді көтерді. Сондай-ақ, мал шаруашылығы саласындағы бірлестіктер ветеринарлық қауіпсіздікті қамсыздандыру, экспорттық/импорттық кедергілер, құс өсіру шаруашылықтарын жемдік дәнмен қамтамасыз ету бойынша мәселелер сөз етілді.

Өсімдік өсіру саласындағы бірлестікте саладағы сумен қамтамасыз ету, фитосанитарлық талаптарға сәйкес келмейтін өнімді алып келу кезінде туындайтын қауіп, электрондық астық қолхаттарын енгізу мерзімдері және басқа да проблемалар жайында сөз қозғалды.

Тағамдық өнім өндірушілері кәсіпорындарды шикізат базасымен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өӊдеушілер үшін 2018 жылдан бастап ҚҚС төлеу бойынша жеӊілдікті режимдерді алып тастау, сауда орындарымен өзара іс-әрекет проблемалары және басқа да мәселелерді көтерді.

Ауыл шаруашылығы министрі кездесуде көтеріліп отырған мәселелердіӊ көпшілігі Министрлікте қаралып, әзірленген Агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық климатты жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарына енгізді. Аталған жоспар Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ қаулысымен бекітіледі.

Бұған қоса, Ауыл шаруашылығы министрі осы мәселелердіӊ барлығын қазіргі кезде Министрлікте мемлекеттік органдардыӊ, бизнестіӊ, ғылым өкілдерініӊ, сарапшылардыӊ - бүкіл мүдделі тараптыӊ өкілдерініӊ қатысуымен құрылып жатқан саланы субсидиялау жүйесін реформалау, кооперацияны дамыту және жеке қосалқы шаруашылықтардыӊ жағдайын жақсарту жөніндегі жұмыс топтарыныӊ шеӊберінде қарастыруды ұсынды.

Сондай-ақ Министр өзініӊ төрағалығымен арнайы кеӊес құруына дайын екендігін атап өтті. Бұл кеӊес Министрлік пен агробизнес арасында тұрақты сындарлы сұхбат жүргізуге ықпал етеді.

Анықтама үшін: Қазіргі таӊда Қазақстан Республикасыныӊ агроөнеркәсіптік кешенінде 23-і "Атамекен" ҰКП-да аккредиттелген 37 салалық одақ, қауымдастық және ірі қара мал тұқымдарыныӊ республикалық палаталары қызмет етеді.

АШМ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны