24.12.2008, 18:54 2901

Ауыл шаруашылығы министрі Елбасына агроөнеркәсіптік сектордың жыл ішіндегі жұмыс қорытындылары туралы баяндады

Ауыл шаруашылығы министрі Елбасына агроөнеркәсіптік сектордың жыл ішіндегі жұмыс қорытындылары туралы баяндады

Астана. 24 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министр Елбасына агроөнеркәсіптік сектордың жыл ішіндегі жұмыс қорытындылары туралы баяндады.

Кездесу барысында, сонымен қатар, әлемдік дағдарыстың ықпалы жағдайында агроөнеркәсіп кешенін дамытудың перспективалары талқыланды. Иңгіменің өзекті тақырыбы бөлінген қаражаттардың тиімді пайдаланылуы болды. Атап айтқанда, қосымша бөлінетін бір миллиард теңгеге импорт алмастыратын жобаларды іске асыру туралы сөз қозғалды.

"Мемлекет басшысы алдағы көктемгі далалық жұмыстарға тыңғылықты даярлану міндетін алға қойды. Басымдық берілген дақылдар егістік алқаптарының көлемі 2009 жылы да биылғы жылдағыдан төмен болмауы айрықша атап көрсетілді", - деді министр.

"Биыл 17,5 млн. тонна астық жиналды, мал басы 4,6%-ға артты. Соңғы бес жылда алғаш рет сауда айналымында оң сальдо қалыптасты - ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты импорттан 350 миллион долларға асты", - деді журналистерге арналған брифингте А.Күрішбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны