05.03.2010, 18:01 3237

Ауыл шаруашылығы министрі президентті мекеменің 2009 жылғы жұмыс қорытындылары туралы хабардар етті

Ауыл шаруашылығы министрі президентті мекеменің 2009 жылғы жұмыс қорытындылары туралы хабардар етті

Астана. 5 наурыз. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, А.Күрішбаев президентті ведомствоның 2009 жылғы жұмыс қорытындылары мен "Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері" атты президенттің Қазақстан халқына жолдауынан туындайтын алдағы кезеңдегі міндеттер туралы хабардар етті. Министрлік алдында озық технология мен қарқынды өндірісті қолдануға бағытталған ауыл шаруашылығына субсидия бөлу және мемлекеттік қолдау көрсету тетіктерін жетілдіру міндеті тұр.

Иңгімелесу барысында сондай-ақ көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысы, инвестициялық жобаларды іске асыру, соның ішінде "ҚазАгро" арқылы қаржыландыру жайы талқыланды.

"Мемлекет басшысы еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өңдеуші өнеркәсіпті жүйелі дамыту, аграрлық ғылымды одан әрі реформалау жөнінде нақты міндеттер қойды", - деді журналистерге арналған брифингте А.Күрішбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны