11.07.2017, 18:21 3813

Ауыл шаруашылығы саласында Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы жаӊа деӊгейге көтерілді

Сапар барысында ҚР Премьер - Министрініӊ Орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов пен Қытай Халық Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі Хань Чанфудыӊ екіжақты кездесуі және Қазақ-Қытай аграрлық инвестициялық форумы бойынша бірнеше іс-шаралар өткізілді

Астана. 11 шілде. Kazakhstan Today - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігініӊ шақыртуымен Қытай Халық Республикасы ауыл шаруашылығы министрініӊ Астана қаласына ресми жұмыс сапары басталды,- деп хабарлайды ҚР АШМ Баспасөз қызметі.

Сапар барысында ҚР Премьер - Министрініӊ Орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов пен Қытай Халық Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі Хань Чанфудыӊ екіжақты кездесуі және Қазақ-Қытай аграрлық инвестициялық форумы бойынша бірнеше іс-шаралар өткізілді.

Екіжақты кездесу барысында Қазақстан мен Қытай ауыл шаруашылығы саласы бойынша әріптестігі, әсіресе, ветеринария және органика жөніндегі өзекті мәселелері, бірлескен инвестициялық жобалары талқыланды.

Форумды екі елдіӊ ауыл шаруашылығы Министрлері ашты. Аталған форумныӊ жұмысына 100-ден аса бизнес, білім және ғылым өкілдері қатысты.

Қытай Халық Республикасы Қазақстанға жалпы экономикалық, оныӊ ішінде агроөнеркәсіптік кешенін дамыту тұрғысында маӊызды стратегиялық әріптестерініӊ бірі болып табылады.

Ағымдағы жылдыӊ маусым айында Астана қаласында өткен ҚР Президенті Н.И.Назарбаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен болған кездесу барысында да Қазақстан мен Қытай арасында ауыл шаруашылығы тауарларын өӊдеу және инвестиция тарту маӊыздылығы бірнеше рет айрықша аталып өткен болатын.

Осы жылдыӊ ақпан айында қабылданған ҚР Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудыӊ 2017-2021 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы барысында ауыл шаруашылығы тауарларын өӊдеу бойынша екіжақты ынтымақтастық жұмыстарын жүргізу жалғасын табуда.

Форум барысында АӨК-ке 160 млн. доллар көлемінде инвестиция

тарту және сауда бойыншаынтымақтастық жөніндегі 7 құжатқа қол қойылды.ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚХР Ауыл шаруашылығы министрлігі аргарлық ынтымақтастық аясында "Үлгілік аймақ" құру бойынша өзара түсіністік туралы Меморандум жасасты.

"Аграрлық ынтымақтастық бойынша "Үлгілік аймақ" кәсіпорындарға ауыл

шаруашылығы саласында жаӊа инновацияны енгізетін болады. Аталған жоба "Ұлттық аграрлық ғылыми білім беру орталығы" Коммерциялық емес акционерлік қоғамы базасында жүзеге асырылады",- деп атап өтті А.Мырзахметов. Бұдан бөлек, Форум шеӊберінде Қытай еліне қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу бойынша "Азық түлік корпорациясы" АҚ Ұлттық компаниясымен бірнеше келісімдерге қол қойылды.

- Xi'anAijugrain&OilIndustryGroupCoLtd компаниясы арасында дәнді дақылдар мен майлы дақылдар саудасы бойынша өзара ынтымақтастық туралы Келісім;

- ZhongxinjianLLC компаниясы арасында сауда-саттық бойынша Меморандум;

- XinjiangZhaofengheBio-technologyCo компаниясы арасында дәнді дақылдар саудасы бойынша өзара ынтымақтастық туралы Келісім.

Бұл келісімдер ҚХР-ге 200 мыӊ тонна дәнді-дақыл және 100 мыӊ тонна майлы дақылдарды экспорттауға сонымен қоса, аталған дәнді-дақыл түрлерін шекаралық аймақта сақтайтын терминал құруға мүмкіндік береді.

Форумда тағы бір қол қойылған Меморандум "Жаннур-Астана Групп" ЖШС мен Қытайдыӊ "ТиньянИньхайпровинции Хэнань" тұқым өндіру компаниясы арасында ауыл шаруашылығы саласында ынтымақтастық жөнінде болды. Аталған Келісім ҚР аумағында дәнді-дақылдарды өӊдеудіӊ оныӊ ішінде тұқым шаруашылығында технологияны трансферттеудіӊ толық циклын жасайды.

Қазіргі таӊда бұрын қол қойылған Келісімдер бойынша рапс майын, сүт, ет, қызанақ және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін өӊдеу бойынша біріккен инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Бұдан бөлек, Citic Group компаниясымен жүргізген ынтымақтастық барысында бидай және бидайдыӊ сабанын өӊдеу бойынша екі үлкен жоба іске асырылып жатыр.

Сонымен қатар, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ мен Қытайдыӊ XISEN компаниясы арасында картоп өсіретін тәжірибелік демонстративті стационар құру бойынша Келісімге және осы университетпен Қытайдыӊ Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылығы университеті арасында біріккен агротехпарк құру жөнінде Келісімге қол қойылды.

Анықтама: 2017 жылдыӊ қаӊтар айынан сәуір айына дейінгі аралықтаҚазақстан мен Қытай арасындағы ауыл шаруашылығы тауар айналымы 14,5%-ға артқан. 2016 жылдыӊ осы кезеӊімен салыстырғанда тауар айналым 113,2 млн. АҚШ долларын құрады.Қазақстаннан Қытайға тасымалданатын ауыл шаруашылығы тауарлары экспорты7,7%-ға артты ( 57,2 -ден 61,6 млн. АҚШ долл.), қытай тауарларыныӊ импорты 23,7% артып, (41,7-ден 51,6 млн. АҚШ долл.).

ҚР АШМ мен Қытайдыӊ Сапаны қадағалау, инспекция және карантин бас басқармасы арасында бидай, асыл тұқымды жылқы, соя бұршағы, бидай сабаны, бал және ұсақ мал етін экспорттау бойынша 6 Хаттамаға қол қойылған болатын:

1. Қазақстан Республикасынан Қытай Халық Республикасына тасымалданатын бидайға қойылатын фитосанитарлық талаптар (14 желтоқсан 2015 жыл, Пекин қ).

2. Қазақстан Республикасынан Қытай Халық Республикасына экспортталатын жылқы тұқымдастарға қойылатын карантиндік талаптар (2 қыркүйек 2016 жыл, Ханчжоу қ).

3. Қазақстан Республикасынан Қытай Халық Республикасына тасымалданатын соя бұршағына қойылатын фитосанитарлық талаптар (2 қыркүйек 2016 жыл, Ханчжоу қ).

4. Қазақстан Республикасынан Қытай Халық Республикасына тасымалданатын бидай сабанына қойылатын фитосанитарлық талаптар (31 наурыз 2017 жыл, Пекин қ).

5. Қазақстан Республикасынан Қытай Халық Республикасына тасымалданатын балға инспекция, карантин және санитарлық талаптар (14мамыр 2017 жыл, Пекин қ).

6. Қазақстан Республикасынан Қытай Халық Республикасына тасымалданатын мұздатылған ұсақ мал етіне қойылатын инспекция, карантин және ветеринарлық-санитарлы талаптар (8 маусым 2017 жыл, Астана қ).

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны