01.09.2009, 11:45 1410

Ауылда жұмыс істейтін жастар 2010 жылдан бастап баспана алуға арналған несиені нөлдік ставкамен ала алады - Назарбаев

Ауылда жұмыс істейтін жастар 2010 жылдан бастап баспана алуға арналған несиені нөлдік ставкамен ала алады - Назарбаев

Астана. 1 қыркүйек. Kazakhstan Today - Депутаттар құрамы ауылда жұмыс істейтін жастарға көмекке арналған жоспарлы іс-шараларлы қолдауы қажет. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның IV шақырылған парламентінің ІІІ сессиясының ашылуында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Бұл, ең алдымен, 2010 жылдан бастап баспана сатып алуға арналған бюджеттік несиелер бөлу шарасы", - деді Н. Назарбаев.

Сондай-ақ, президенттің хабарлағанындай, биылдан бастап ауылдарға көшіп барған жас мамандарға көтерме жәрдемақы төленеді. "Бұл мақсатқа алдағы үш жылда республикалық бюджеттен 14,3 млрд теңге бөлінеді", - деді президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны