16.10.2012, 19:08 3560

Ауылшаруашылық министрлігі АӨК дамыту бағдарламасының жаңа жобасы туралы мәлімдеме жасады

"Салалық бағдарлама мүлдем жаңа форматта. Ол осы салалық бағдарламада бар құралдардың көмегімен әмбебап болып отыр. Біз ауыл шаруашылықтың барлық басым салаларын, оның ішінде мал шаруашылығын, ет жобасын, "Жайлау" бағдарламасын қолдауды және ылғал сақтайтын технологияларды дамытуды жоспарлап отырмыз. Бизнеспен жобаланған инвестициялық жобалардың барлығы осы салалық бағдарламадан қолдау табады", - деді Аман үкімет отырысының қорытындысы бойынша.

Астана. 16-қазан. Kazakhstan Today - 2013-2020 жылдарға арналған АӨК дамыту бағдарламасының жобасы туралы бүгін АШМ-нің жауапты хатшысы Евгений Аман айтып берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Салалық бағдарлама мүлдем жаңа форматта. Ол осы салалық бағдарламада бар құралдардың көмегімен әмбебап болып отыр. Біз ауыл шаруашылықтың барлық басым салаларын, оның ішінде мал шаруашылығын, ет жобасын, "Жайлау" бағдарламасын қолдауды және ылғал сақтайтын технологияларды дамытуды жоспарлап отырмыз. Бизнеспен жобаланған инвестициялық жобалардың барлығы осы салалық бағдарламадан қолдау табады", - деді Аман үкімет отырысының қорытындысы бойынша.

Оның айтуынша, бағдарламаның мәні - оның бизнесті қолдаудың бүтіндей бір құралдар жиынтығын құруда. Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін бағдарлама ұзақ мерзімді және едәуір арзан кредиттер ұсынады. Сондай-ақ, кредиттерді кепілдендіру және сақтандыру жүйесі де қарастырылған, деп хабарлайды BNews.kz ақпараттық агенттігі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны