02.02.2021, 19:31 8419

Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер комиссиясын құрады

Нұр-Сұлтан. 2 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстанда ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге жалға беруге мораторийдің аяқталуына байланысты Жер комиссиясы құрылып, Жер кодексіне түзетулер әзірлеуге кіріседі, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.
 

Биыл ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге жалға және қазақстандықтарға жеке меншікке беруге 2016 жылы енгізілген мораторий мерзімі аяқталады. Мемлекет басшысы Жер комиссиясын құрып, қарашаға дейін Жер кодексіне түзетулер қабылдауды тапсырды", - деп хабарлады бүгін Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров.

 
Сонымен қатар, ол жер мәселелері жөніндегі арнайы комиссияны құру жұмысы басталып кеткенін, оған барлық мүдделі тараптар, оның ішінде Мәжіліс пен Сенат депутаттары, агробизнестің, одақтар мен қауымдастықтардың, "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының, облыстар әкімдіктерінің өкілдері және басқалар кіретінін атап өтті.
 

Жер комиссиясының жұмысы және ұсынылған пікірлерді талқылау қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді айналымға енгізу бойынша бірыңғай тұжырымдамалық тәсілдемелер әзірленіп, олар жаңа заң жобасының негізін құрайтын болады. Аталған заң жобасын әзірлеу Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2021 жылға арналған жоспарында көзделді", - деді министр.

 
Сондай-ақ, ол Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Министрлік АӨК дамыту жөніндегі ұлттық жобаның алдағы бес жылға арналған тұжырымдамасын әзірлеп жатқанын атап өтті. Бүгінгі таңда агробизнестің, ғылымның, басқа да мүдделі тараптардың өкілдерімен Ұлттық жобаның тұжырымдамасы белсенді талқылануда.
 

Ақпан айының бірінші онкүндігінде Тұжырымдама жобасын Атамекен алаңында бизнеске таныстыруды, одан әрі барлық мүдделі мемлекеттік тараптар мақұлдағаннан кейін Мемлекеттік жобалау жүйесінің талаптарына сәйкес Парламент депутаттарының, мемлекеттік органдар, облыстар әкімдіктері мен агробизнес өкілдерінің қатысуымен Үкіметте қарауды жоспарлап отырмыз", — деді С. Омаров.

 
Тұжырымдаманы талқылау қорытындылары бойынша Ұлттық жоба әзірленеді, оны қабылдау мерзімі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2021 жылғы шілде айына белгіленді. Бұл ретте маусым айынан кешіктірмей, Ұлттық жобаны Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Реформалар жөніндегі жоғары кеңесте қарастыру көзделіп отыр.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны