29.04.2010, 16:19 3339

Авиациялық көлік прокуратурасы Амстердам сауда банкі тарапынан Алматы әуежайына қойылып отырған талап туралы түсініктеме берді

Авиациялық көлік прокуратурасы Амстердам сауда банкі тарапынан Алматы әуежайына қойылып отырған талап туралы түсініктеме берді

Алматы. 29 сәуір. Kazakhstan Today - Авиациялық көлік прокуратурасы кеше Амстердам сауда банкі тарапынан Алматы халықаралық әуежайына қойылып отырған талап туралы түсініктеме берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, "әуежай несие бойынша $30 млн астам қаржы берешек. Алайда прокуратура қызметкерлері оған қатысты даңғаза көтеруге себеп жоқ деп санайды. Олардың пайымдауынша, әуежай мүлкінің бір бөлігі берешек үшін сатылып кеткен жағдайда да жолаушылар мен тасымалдаушылар бұдан зардап шекпейді".

Сюжетте атап көрсетілгендей, "осыдан үш жыл бұрын Алматы халықаралық әуежайының басшылығы Амстердам сауда банкінен 33 млн доллардың несиесін алған. Бұл ақшаға жаңа жолаушылар терминалын салу жоспарланған болатын. Алайда оған әлемдік қаржы дағдарысы кедергі келтірді. Құрылысты аяқтауға ақша жетпеген және әуежай да ақшаны қайтаруға асықпаған. Несиені қайтару мерзімі өткен жылдың наурыз айында аяқталған".

"Қарызды қайтару мәселесін қазір Алматы экономикалық соты қарап жатыр. Берешегі үшін әуежай VIP-ұшулар залынан, жер телімі бар қонақүй мен мәдениет үйінен айрылып қалуы мүмкін. Аталған кепілдік мүліктер қазіргі жағдаймен тұтқындалды. Алайда авиациялық көлік прокуратурасындағылар абыржуға себеп жоқ деген пікірде", - деп хабарлайды КТК.

"Біздің мәліметімізше, әуежай активтері 46 млрд теңгені құрайды. Бұл нысандармен қатар оларда активке жататын нысандар көп, соның ішінде РСУ, ұшқыштарды тамақтандыру цехы, бизнес-орталық, уақытша сақтау қоймалары мен жанар-жағармай материалдарының қоймалары бар. Кепілдікте тұрған оның бөлігі, біздің есебіміз бойынша, әуежайдың барлық активтерінің 5%-ынан аспайды", - деді Алматы қалалық авиациялық көлік прокуратурасының прокуроры Николай Ем.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны